Министр неге ревакцинация жүргізу керек екенін түсіндірді

Елімізде ревакцинация жүргізу керек. Үкімет отырысынан соң Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің дерегінше, бүгінгі таңда елімізде СOVID-19-ға қарсы вакцинаның 500 мың дозасы бар.

Ревакцинацияны науқанын жүргізу қажет. Себебі қазір әлемде коронавирус жұқтырғындар саны өсіп жатыр. Әсіресе, көрші Қытай, Әзербайжан, Израильде және тағы басқа елдерде инфекцияны жұқтырғандар саны күрт өсті. Сондықтан біз халыққа ревакцинация керек деп ақпарат таратып жатырмыз. Ол үшін коронавирусқа қарсы вакциналар бар. Адамдао вакцина алмас бұрын олар профилактикалық тексерістен өтеді, - деді Ажар Ғиният Үкімет кулуарында.

Ғинияттың сөзіне қарағанда, елде QazVac, Sinopharm және Pfizer вакцинация болады.

Қазір құжаттарға қол қойылып жатыр. Нәтижесінде бізге гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасы жеткізілуде. Меніңше, келесі аптада біз Pfizer-дің қанша дозасын алатынымызды хабарлаймыз. Ол вакцина алғысы келетіндердің барлық санатына қолжетімді болады. Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 3 түрі болады. Жаппай вакцинация болмағанына қарамастан адамдар екпе алып жатыр: бустерлық доза (бір доза). Сондықтан вакцинация негізінен емханаларда жүруде, - деді ведомства басшысы.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы