Министр Мусин әріптестерін мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда халық арасында мемлекеттік қызметшілерге қатысты екіұдай көзқарас қалыптасқан. Халықтың оларға сенімінен гөрі күдігі басым сияқты. Кез келген жерден шикілік көріп, жақсы тұстарын байқамай жататын сәттер де болады.
Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің facebook парақшасында осылай деп жазды.Менің ойымша, мемлекеттік қызметші деген – өзінің емес, халықтың мүддесін жоғары қойып, ел игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген жан. Олардың барлығын халық көре бермейді. Десе де қарапайым азаматтардың өміріне әсер етер елеулі жобаларды енгізіп, күні-түні жұмыс істейтін мамандардың еңбегі бағалауға тұрарлық, - деді ол..
Бағдат Мусин, әсіресе, қазіргі қарқынды дамыған ақпараттық заманда елімізді көштен қалдырмай, бәсекеге қабілеттілік әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту жолында мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.
Осы жүкті жұмыла көтеріп, мемлекеттің мүддесін жоғары қойып, азаматтық міндетімізді абыроймен атқаруды жазсын!
Кәсіби мерекеміз құтты болсын, әріптестер! Баршаңыздың отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық, толағай табыс пен баянды ғұмыр тілеймін, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Инсульт алған павлодарлықтар екпені үйлерінде алады
Өзгелердің жаңалығы