Министр мен әкімдердің назарын аударғым келеді – Әбдіқалықова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылының жақындауына байланысты әкімдер мен білім және ғылым министрі қандай мәселеге назар аудару керектігін айтты.

«Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше апта қалды. Соған байланысты білім және ғылым министрі мен әкімдердің назарын бірнеше мәселеге аударғым келеді. Біріншіден, соңғы жылдары бірінші сыныпқа келетін оқушылардың саны көбеюде. Соған байланысты оқушы орындарының жетіспеушілігі ұлғайып келеді. Сондықтан, оқытудың қауіпсіз жағдайын жасау үшін әкімдер мектеп директорларымен, ата-аналармен бірлесіп, балаларын бейімделу, сабақ режімінің санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударған жөн», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова. 

Сондай-ақ, ол алыс ауылдардан оқушыларды тасымалдау мәселесі барын және 184 көлік жетіспейтінін айтты. 

«Бұл мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Әкімдіктерде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлер үшін бөлінген қосымша 5 мың грант беру жөніндегі жұмысты аяқтауды сұраймын», - деді вице-премьер.

Бұған дейін бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында 405 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтынын айтты

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы