Министр мектеп дәретханалары жайлы: Науқаншылдыққа айналмау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Парламент Мәжілісінің кулуарында мектеп дәретханаларының жағдайына қатысты мәселені жылдам шешуге болатынын, бірақ "науқаншылдыққа" жол бермеу қажет екенін айтты.
Балалардың құқығын қорғау бойынша маңызды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дәретханалар туралы айтар болсақ, бүгінде мектептерге 2500 астам дәретхана керек. Біздің ұстаным – бұл мәселеге байыппен қарап, шешу қажет. Ертең 2500 дәретхананы жабамыз деп, содан кейін оны бір күнде не бір айда шешуге болады десек, қателесеміз, - деді Аймағамбетов.
Министр шалғайдағы ауылдарға қарағанда қалалар мен ірі елдімекендерде мәселе жылдам шешімін табатынын айты.
Тұндырғыш, канализация жасауға болады. Себебі тазартқыш машиналар, арнайы полигондар бар. Сумен қамту мәселесі шешілген. Бірақ шалғайдағы аудандарда су, пайдаға асыру бойынша мәселелер бар. Кезең-кезеңімен шешу үшін міндеттер мен оларды орындаудың нақты даталары көрсетілген арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдап жатырмыз. Дәретхана тұрғызу бұл ең күрделі тапсырма емес. Бастысы науқаншылдық болмау керек. Қайғылы оқиғаға тап болғанда ғана балалардың құқығын еске алмай, бұл мәселе мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күн тәртібінде болуы тиіс, - деді ол.Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің депутаттары kundelik.kz жүйесінің ақылы қызметтеріне наразылық білдірген болатын. Мәжіліс депутаттары критериалды бағалау жүйесін қайта қарауды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміз қоқыс өртеуден электр қуатын өндірмекші
Өзгелердің жаңалығы