Министр мәдениет өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыда Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында мәдениет және өнер саласындағы бір топ қайраткерге Тәуелсіздік мерекесіне арналған мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Биыл қазақ киносының жауһары – «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақыры» фильмдерінің жарық көргеніне 50 жыл толды. Осыған орай министр КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Меруерт Өтекешованы арнайы құттықтап, айрықша құрмет көрсетті.

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтың Бекежан мен Қасымхан Шадияров рөлдері арқылы аты алаштан озып, әлемге танылды. 

Қазақ қыздарының сұлулық символына айналған Қыз Жібек – Меруерт Өтекешова эпостағы кейіпкерді елдің жүрегіне ұялатқан бірегей образымен күллі халықтың алқауына бөленіп келеді. 

Екі актердің өнердегі жолы – театрымыздың кейінгі толқын актерлерін адастырмас шамшырақ. Кино және театр ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз! - дейді Әуезов театрының ұжымы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы