Министр Көшпенділер ойындары жүлдегерлеріне медаль мен ордендер табыстады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол спортшыларға президент жарлығымен «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі және басқа да мемлекеттік наградаларды табыстады.

Мыңжылдықтар мұрасына ие көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткізуге сіздер айрықша атсалыстыңыздар. Сіздердің ұлттық спортқа қосып жатқан үлестеріңіздің арқасында төл өнеріміздің танымалдығы жылдан-жылға артып келеді, – деді ол.

Ол сондай-ақ Ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода көшпенділер Олимпиадасы деп бағаланғанын жеткізді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі мәдениеттің бесігі қазақ жерінен басталатынын тағы да бір мәрте төрткүл дүниеге паш етті. Ата-бабамыздан мұра болып қалған төл өнерімізді дәріптеп, дамытудың жарқын үлгісін көрсеттік, – деді министр.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы