Министр көші-қон процестері қалай реттелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандағы этникалық және еңбек көші-қоны мәселелері қалай реттелетінін айтып берді. 

Еңбекминінің басшысы 2021 жылы 7 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы өңірлік квотаға енгізілгенін және қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілгенін хабарлады. 2021 жылы этникалық қазақтарды қолдауды дамыту үшін көшуге субсидия мөлшері екі есеге (35 АЕК-тен (107,2 мың теңге) 70 АЕК-ке (214,4 мың теңге) дейін ұлғайтылды. 

Министр сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгіленетінін және бөлінетінін атап өтті.

Серік Шәпкенов қазіргі уақытта Еңбек және халықты қорғау министрлігі еңбек иммигранттары мен босқындар мәселелері бойынша функцияларды қабылдау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын айтты. 

Министрлік Көші-қон саясатының келесі бесжылдыққа дамуын айқындайтын жаңа тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау үшін еңбек мигранттарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету туралы екіжақты келісімдер (меморандумдар) жасалады, – деді ол.

Министр жергілікті атқарушы органдарға қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті. 

Біріншіден, өңіраралық еңбек ұтқырлығы шеңберінде 6,3 мыңнан кем емес қоныс аударушылар (Оңтүстік-Солтүстік);

Екіншіден, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалыптастыру кезінде ерекше назар аудару қажет:

- 3 және 4-санаттар бойынша қызметкерлер санын азайту;

- кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауды қамтамасыз ету;

Үшіншіден, қазақстандық және шетелдік жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеудегі сәйкессіздіктерге жол бермеу жөнінде алдын алу шараларын қабылдау қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы