Министр: Қос азаматтықты анықтаудың үш жолы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қос азаматтықты анықтау мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Бүгін төменгі палатада Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қабылданған болатын. Заң жобасын талқылау барысында депутат Бақытбек Смағұл министрден қос азаматтықты қалай анықтайтынын сұраған болатын.

Осы ынтымақтастық қос азаматтықты анықтауда қандай проблемаларды шешеді? Оны анықтаудың жолдары қандай? Іргелес елдермен қос азаматтығы барлардың әшкере болып жатқаны белгілі. Осы ретте Қазақстан азаматтығы бола тұра өзге елдің азаматтығын алғандар ма әлде керісінше басқа елдің азаматтарының Қазақстан азаматтығын алғандарының ішінде қайсысы жазаға тартылады?, - деді Бақытбек Смағұлов. 

Өз кезегінде Ішкі істер министрі бұл мәселені анықтаудың үш жолы бар екенін айтты.

1998 жылғы ТМД елдерінің ортақ келісімі бар. Сол келісімді қолданамыз. Қырғыз елімен бүгінгі келісімде үш негізгі проблема бар. Оны айта кету керек. Біріншісі, ақпарат алмасу. Егер Қазақстан азаматтығы Қырғызстанда екінші азаматтықты алса, олар бізге анықтап, ақпарат береді. Екіншісі, елшіліктер арқылы мәселені шешу. Олар да осындай ақпарат алмасады. Үшіншісі, шекара арқылы өткен кезде тексеріс жүргізіледі, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетейік, жақында қос азаматтығы болғаны үшін Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Олег Почивалов қызметінен босатылды. Оның өзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін кеткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы