Министр: Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастар саны азайған.
Инфекциялық төсектердің қамтылуы 24%-ды, реанимациялық төсектер 21%-ды құрайды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар соңғы тоқсан күн ішінде індеттен сауыққандар саны артқан.
Емдеуді жалғастырушылар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есе азайды. Атап айтқанда, 84 268 науқастан 22 353 науқасқа дейін төмендеді, - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр республикада халықты ревакцинациялау тәсілінің өзгеріске ұшырағаны туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ревакцинация. Халықты қайта вакциналау тәсілі өзгерді
Өзгелердің жаңалығы