Министр көліктерге қатысты сүйінші жаңалық айтты

10 және 20 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық мөлшері азайтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте салық кодексін талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин былай деді:

10 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық 30%-ға, 20 жылдан асқандарға 50%-ға азайтылады, – дейді вице-премьер.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ескі көліктерге салық мөлшерін азайту туралы норма бұрыннан бар екеніү атап өтті.

Әрине, жобада ұсынылған осы норма сақталды. Егер автокөлік 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келсе, салықтың жартысын төлейді. Ал 10 жылдан асқан автокөліктерге салық 30 пайызға азаяды, – дейді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы