Министр қауіпті өндірістік объектіні тексеретін инспекторлардың мардымсыз жалақысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин инспекторлардың орташа айлығы 112 мың теңге екенін айтты.
Министрдің өзінше, аумақтық департаменттер инспекторларының орташа айлық жалақысы 136 мың теңге, ал салықтар мен әлеуметтік аударымдарды есептегенде 112 мың теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар инспекторлар жұмысының негізгі майданы қауіпті өндірістік объектілерге үнемі барумен байланысты. Инспекторлар өз функцияларын орындау кезiнде қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiмен тең дәрежеде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрудiң тұрақты өндiрiстiк тәуекелдерiне ұшырайды. Алайда қауіп-қатерге қарамастан инспекторлардың әлеуметтік кепілдіктері, оның ішінде медициналық көмек жоқ, - деп айтты Юрий Ильин.
Оның сөзінше, инспекторлар өнеркәсіптік кәсіпорындарда төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін жағдайлардың алдын алу үшін қолданыстағы заңнама аясында бар күш-жігерін салады.
Бақыланатын нысандар санының көбеюі, сондай-ақ инспекторлардың штат санының қысқаруы тексерулердің сапасына әсер етуі мүмкін, нәтижесінде ауқымды техногендік аварияларға әкелуі мүмкін. Инспекторлардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын дер кезінде анықтауы – қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі шараларының бірі, - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін ТЖМ басшысы елімізде 381 ғана инспектор барын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қазақстан қаржыгерлері конгресінің қатысушыларына бейнеүндеу жолдады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы