Министр қауіпті өндірістік объекті иелерінің жауапкершілігін күшейтуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғалар мен жарақаттану деңгейін төмендету үшін бірнеше ұсыныс айтты.
Сенатта министр қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғалар мен жарақаттану деңгейін төмендету және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында өз ұсыныстарын айтты.
Ол қандай ұсыныстар:
• қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен басшыларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны, авария, жарақаттану, персонал мен халықтың қаза болуы, қауіпті өндірістік объектілердің қызметі салдарынан қоршаған ортаға залал келтіру фактілері үшін жауапкершілігін едәуір күшейту мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске және Қылмыстық Кодекске өзгерістер енгізу;
• тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, атап айтқанда, қауіпті өндірістік объектілерге тексерулер жүргізудің өзге де тәртібін белгілеу тәртібін реттейтін Кәсіпкерлік Кодекске өзгерістер енгізу;
• қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыруды орындау үшін қажетті шараларды қабылдау жөніндегі міндетін бекіту бөлігінде «Азаматтық қорғау туралы» Заңға түзетулер қабылдансын;
• «нөлден» реттеуді қайта қарау кезінде ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің қолданыстағы тәртібін сақтау және бақылау нысандарының біріне «тергеуді» бөлмеу қажет, өйткені қабылданатын шаралар азаматтардың денсаулығын қорғауға байланысты мемлекеттік реттеуді қозғамауы тиіс;
• мемлекеттік инспекторларды одан әрі оңтайландыру және қысқарту жөніндегі мәселелерді қарау кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басымдығы қағидатын негізге алу;
• нормативтік-құқықтық актілерді кейіннен әзірлеу және қайта қарау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік беретін ғылыми-білім беру жүйесін құру;
• «Азаматтық қорғау туралы» Заңға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инспекторлардың әлеуметтік кепілдігіне қатысты мәселелерді реттеуге бағытталған өзгерістерді қабылдау;
• қызметі қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланумен байланысты субъектілерге мемлекеттік қадағалауды күшейту;
• өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеуді және мемлекеттік басқаруды жетілдіру, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілерде қолданылатын технологияларды дамытуды ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жаңартуды қамтамасыз ету қажет.