Министр: Кәсіптік стандартқа негізделген білім бағдарламаларын әзірлеу қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол кәсіби білікті мамандарды даярлау үшін бірнеше ұсынысын алға тартты. 

Алға қойылған міндеттерді жедел әрі сапалы шешу және мемлекеттік органдарды, жетекші салалық кәсіпорындарды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оқу орындарын процеске тарту үшін мынадай ұсыныстарды қолдауды сұраймын. Біріншіден, Еңбек министрлігі жанынан мониторинг жүргізу және әдістемелік қолдау көрсету бойынша Жобалық офис құру. Ол кәсіптік стандарттарды әзірлеудің барлық процесін бірыңғай әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады. Екіншіден, мемлекеттік органдар жанынан Жобалық салалық топтар құру қажет, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, мұндай орталық мемлекеттік органдардың барлық салалық кәсіптік стандарттарды жапқаны үшін, ассоциациялар және салалық білім ұйымдарымен жұмысты үйлестірудегі жауапкершілігін білдіреді. 

Үшіншіден, кәсіптік стандарттар банкін құру. Бұл мақсатта Еңбек министрлігі платформа құруға кірісетін болады, онда халықаралық стандарттардың барлық үлгілері, өңірлердің тәжірибесі, жаңа кәсіптер атласын ендіру нәтижелері жиналатын болады. Бұл кәсіптік стандарттарды әрі қарай әзірлеу мен өзектендірудің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарға ҰКП-мен бірлесіп, реттелмейтін кәсіптерге қатысты кәсіптік стандарттарды қаржыландыру тетігін пысықтау қажет, – деді Тамара Дүйсенова.

Министр өз сөзінде сондай-ақ кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

Бүгінгі таңда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде 250, ал техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 276 білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылды. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жеделдету және білім беру ұйымдарының жігерін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын кәсіптік стандарттарға сәйкес өзектендірілген білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын ұйымдарға бөлуге болады деп есептейміз, – деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы