Министр қарапайым азаматтардың әскери камуфляж форма киюіне қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарапайым азаматтардың әскери камуфляж форма киюіне қатысты түсінік берді.

Бұл мәселеде кішкене түсініспеушілік орын алды.Қарапайым азаматтарға камуфляж форманы киюге ешқандай тыйым жоқ. Бірақ әскери белгілер (погондар, шеврондар) тағуға болмайды. Ондай әскери белгілері бар формаларды әскери құрылым өкілдері кие алады. Егер ондай погон, шеврон болмаса, кез келген азаматқа рұқсат етіледі, - деді Нұрлан Ермекбаев Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін "Хабар 24" телеарнасы Атырауда әскери полиция қызметкерлері камуфляж формамен жүрген адамдарға оны киюге тыйым салынатынын түсіндіріп жүргенін хабарлаған. Телеарна мәліметінше, әзірге шаралар тек ескертумен шектелген, бірақ қатаң жаза қолданылуы да мүмкін делінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы