Министр: Инфляцияның өсуіне пандемия мен соғыс себеп
Үкімет кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдегі инфляцияның неге шарықтап бара жатқанын түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің түсіндіруінше, қымбатшылықтың алдын алу үшін ең алдымен, елде инвестициялық жобалардың санын көбейту қажет. Сонымен бірге отандық өндірісті арттыру керек. Мәлімдеуінше, мұндай бастамалар жыл сайын тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.
БАҚ өкілі Әлібек Қуантыровтан «Үкіметтің кездесулері қаншалықты мәселені шешеді? Халықтың жағдайы жақсы емес...» деді.
Меніңше, ол - мониторинг мәселесі. Біз мониторингті күшейтіп, басқаша жалғастырамыз, - деді Ұлттық экономика министрі.
Қанша отырыс өткізіп жатсаңыздар да халық оны сезінбей тұр. Инфляцияның жоғарлауы мен қымбатшылық ол бар. Сіздің ойыңызша, халықтың Үкіметке деген сенімі азайып бара жатыр деп есептемейсіз бе, - деп сұрақ қойды журналист.
Министрдің жауабы:
Инфляция - ең үлкен мәселе. Бұл мәселе пандемия кезінен басталды. Қазіргі таңда логистикалық мәселелер өте көп. Былтыр ақпан айында соғыс басталғанда логистикалық мәселелер қайта пайда болды. Біздің экспортымыз бен импортымыз Ресей арқылы өтетіні көп мәлім. Бұл мәселе бізде ғана емес, жаһандық проблемаға айналды. Рекордтық инфляция АҚШ-та, Германияда және көршілес Өзбекстанда да болды. Экономика - ашық. Қандай ел болса да, еліміз бәрімен саудалады. Міне, бізде де осы мәселе. Еліміз мұндай жағдайға барынша бейімделді, - деп жауап берді ведомства басшысы.
Еске сала кетейік, осыған дейін Смайылов Мусинге интернет сапасына қатысты бірқатар тапсырма бергені туралы жазғанбыз. Мусин мектептегі интернеттің жайы туралы да айтты.