Министр: Импортты алмастыру үшін өндірісті ұлғайту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Ол өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулын қалыптастырылғанын атап өтті.

Аталған жобалар импортты алмастыруға және дайын өнімді экспорттауға бағытталған 700-ге жуық жоба қамтылған, оның ішінде 286-сы импортты алмастыратын жобалар. Пулдағы 95 жоба екінші топқа, яғни импортты алмастыруға дайындығы орташа тауарларға жатады, -деп баяндады министр.

Оның айтуынша, үшінші топ бойынша 36 жобаны жүзеге асыру үшін тауарлар тізбегі айқындалды. Аталған тауарлар бойынша белсенді түрде инвесторлар іздестірілуде.

Импортты алмастыруға дайын тауарлар қазірдің өзінде отандық кәсіпорындарда өндіріліп жатқан өнімдерді шығаруға бағыт алған 155 жоба енгізілді. Алайда, аталған тауарлар импортты толық алмастыруы үшін өндіріс көлемін ұлғайтуымыз қажет, -деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы