Министр ХҚКО-да жұмыс істеді. Клиенттерге қызмет көрсетіп, сауалдарына жауап бердім – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтаудағы ХҚКО-да болып, жұмысымен танысты. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Ақтауда болдым. ХҚКО-да адам көп, демалыстан кейін әдетте осылай болады. Жұмысшылармен бірге клиенттерге қызмет көрсетіп, сауалдарына жауап бердім. Грантқа құжат тапсырам деп біраз талапкер жүр. Бұл орайда, бүгінгі таңда жүйеде 30 мыңнан астам өтінім тіркелген. Алдағы уақытта бұл қызметті проактивті ету қажет, яғни жүйені бот сияқты оңай әрі қолайлы ету керек: ЖОО, мамандық және т.б. таңдау. Ал құжаттарды өз қолыммен тапсырамын деушілер үшін ХҚКО баламасын - ҰБТ тапсырған арнайы залдарды ұсыну керек деген ой келді. Сол жерде бірден UStady басшылығымен осы мәселені талқылап, қолдау таптық. Түлектер ҰБТ тапсырған жерде бірден құжаттарын да өткізе алатын болды. Биыл осы идеяны пилот ретінде жүзеге асырады, бұл ХҚКО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, - деп жазды министр.

Министр бөлімдер әлі де болса халықтан әртүрлі анықтамаларды сұратып, ХҚКО-на жіберетініне таңданысын жасырмады.

Қыз күллі отбасы үшін анықтамалар алуға келіпті. Мен оған телефонына егов мобайл орнатуға көмектестім. Дұрыс толтырылмаған жерлері бар екен, "ҰАТ" АҚ жұмысшыларымен бірге себебін анықтап, жөндеп жібердік. Кейбір процестерді жылдам және оңай шешуге болады, ал кейбіреуіне уақыт керек. Оған бұл анықтамалар баспанасы жоқ екендігін ай сайын дәлелдеп, әлеуметтік көмек алу үшін керек екен. Осы жайлы естігенде, расын айтсам, таң қалдым, себебі СОБЕСтерге мәліметтерге баяғыда қолжетімділікті ұйымдастырдық, сондықтан осындай пандемия кезінде адамдардан анықтама талап ету қаншалықты қисынды?! Неліктен бөлімдер жұртты ХҚКО-ға жұмсап, сергелдеңге салғанын анықтайтын боламыз. Азаматтарға арналған үкімет басшылығына антиковидтік талаптарды қатаң қадағалау керектігін тағы да ескерттім, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы