Министр халықты балықты тұтынуға қалай қызықтыратынын айтты
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балықты тұтыну көлемін қалай арттыратынын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда кәсіпкерлерге барлық қолайлы жағдайды жасап жатырмыз. Субсидия жағынан да көмек беріледі. Егер балық шаруашылықтары көбейсе, балықты тұтыну да артады. Яғни, шаруашылық дамыған сайын өнімнің бағасы да түседі деп ойлаймыз, - деп жауап берді Экология министрі.
Айтуынша, бүгінгі таңда 1600 су айдыны 1200 шаруашылық субъектісіне бекітіліп, онда 12 мыңнан астам адам балық аулауды кәсіп етіп отыр.
Елімізде 72 кәсіпорын балық өңдеумен айналысады. Оның 17-сі жоғары талаптарға сай келеді және Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын алды, қалғандары ішкі нарық пен жақын шет елдерге бағдарланған, - деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Моңғолия парламенті елдегі толқуларға байланысты жиын өткізді
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы