Министр Ержан Максимнің концертіне Димаштың қатысуы жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әнші Ержан Максимнің концертіне Димаш Құдайбергеннің қатысу-қатыспауын сұрап білмек болды. 


Алайда, Арыстанбек Мұхамедиұлы нақты жауап бере алмады.

"Қазір мен асығыстық жасағым келмейді. Барлық келісімшартқа қол қойғаннан кейін, сенімді түрде айта аламыз. Бірақ, өздеріңіз де көріп отырсыздар, бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Біз Валерий Меладзеден өтінгенде, ол қуана-қуана келісті. Жас таланттарды қолдауға бағытталған осындай акциялар көбірек болса екен дейміз", - дейді Арыстанбек Мұxамедиұлы. 

Айта кетейік, ресейлік "Голос. Дети" жобасы арқылы танылған Ержан Максимнің алғашқы концерті 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы