Министр ең көп экологиялық айыппұл арқалаған компанияларды атады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ең көп экологиялық айыппұл арқалаған ірі компанияларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда шығарындылар бойынша нормативтердің 3,3 пайызға және төгінділер бойынша 8 пайызға төмендеген. 2024 жылдың 9 айында шығарындылардың көлемі 3,1 млн тоннаға жетті. 2023 жылы сол кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға төмендеді, - деді Экология министрі.

Министрдің мәлімдеуінше, экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында инспекциялық қызмет 2023 жылы 652 тексеріс жүргізді.

Мұның қорытындысы бойынша 1 679 заң бұзу фактісі анықталып, оларды жою туралы 628 ұйғарым берілді. Жалпы сомасы 322,9 млрд теңгеге 2 138 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 11,3 млрд теңге мөлшеріндегі 1 834 әкімшілік айыппұлы өндірілді. Қалған айыппұлдарды өндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 2024 жылдың 9 айында 761 тексеріс жүргізіліп, 2 045 заң бұзу фактісі белгілі болды. Жалпы сомасы 80,8 млрд теңгеге 1 670 айыппұл салынды, - деді Нысанбаев.

Сонымен қатар ведомство басшысы ең көп айыппұл салынған компанияларды да атады. Олар:

- "Каспий мұнай" компаниясы – 13,6 млрд теңге;

- "НКОК" компаниясы – 12,4 млрд теңге;

- "Karabatan Utility Solutions" компаниясы – (Карабатан Ютилити Солюшнз) 7,2 млрд теңге;

- "Теңізшевройл" компаниясы – 2,8 млрд теңге

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы