Министр еліміздің саяси моделі еуропалық стандарттарға жақындай түскенін айтты
Бұл туралы елордада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста белгілі болғандай, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабына сәйкес Парламенттің қарауына берілді.
Әлемдік практикаға сәйкес, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын адамдардың өкілеттік мерзімінен асып кетуі керек. Мысалы, Германия, Италия, Испания, Португалия және басқа да бірқатар елдердің конституциялық соттары осылай қалыптасады. Бұл Конституциялық Сот судьяларының әртүрлі саяси күштердің әсерінен тәуелсіздігінің негізгі кепілі, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, заң жобасында Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін сегіз жылға дейін ұлғайту көзделген.
Осылайша, Заң жобасы шеңберінде көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының саяси бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді, бұл саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді, - деді Әділет министрі.