Министр: Елімізде спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде 16 мыңнан астам ІТ-компания бар, ал айти саласында 180 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Жалақы көлемі де қарқынды өсіп жатыр, бір жыл ішінде орташа жалақы шамамен 100 мың теңгеге көтерілді. Оң динамика әрі қарай өсу мүмкіндігін көрсетіп отыр, – деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, ІТ-саласын ең тартымды бағыттардың біріне айналды.
Спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту Айти индустриясын дамытуға үлкен ықпалын тигізеді. Осы мақсатта Астана қаласында спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатын өткізуге өтінім берілді, – деді Мусин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамаубаев қаржыны игермеген министрліктерді атады
Өзгелердің жаңалығы