Министр елімізде неміс кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасалса да аз келетінін айтты
Елімізде неміс инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жұмыс істеу үшін жағдай жасалмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Германия экономикасының жетекші секторларының өкілдері кіретін ірі бизнес делегацияның келгеніне ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстандағы әріптестермен жүргізілетін келіссөздер әлеуетті жобаларды және өзара тиімді жаңа тауарларды анықтауға көмектесетініне сенімдімін. Қазақстан инвестиция үшін тартымды ел. 2021 жылы біз шетелдік инвестиция ағынының пандемияға дейінгі деңгейіне оралып қана қоймай, оны 37,7%-ға арттыра алдық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 23,7 млрд долларға жетті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға жоғары, - деді Сыртқы істер министрі.
Министрдің сөзінше, әлемдегі төртінші экономикасы бар Германия біздің экономикаға инвестиция салатын алғашқы он елдің қатарына әлі кірмеген.
Сондықтан Қазақстанның неміс инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жұмыс істеу үшін барынша қолайлы жағдайлар ұсынғанымызға назар аударамыз. Осы мақсатта біз Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың басшылығымен неміс инвесторларымен және кәсіпкерлерімен өзара байланыс үшін теңдессіз үкіметтік жұмыс тобын құрдық. Топ жұмысының арқасында неміс инвесторларының жобалары келіссөздердің басынан бастап өндірісті толық құруға дейін сүйемелденуде. Біз экономикамыздың 700 ірі, орта және шағын активтерін жекешелендіріп жатырмыз. Бұл неміс кәсіпкерлері үшін қосымша перспективалар ашады. Неміс инвестициялары, озық технологиялары мен ноу-хаулары және Қазақстанның шикізаты, білікті жұмысшылары және қолайлы бизнес жағдайлары «win-win» қағидаты бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге сенімді негіз жасайды, - деді Мұхтар Тлеуберді.