СOVID-19: 15 млн-нан астам қазақстандық вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Сондай-ақ ол коронавирус инфекциясына қарсы халықты вакцинациялау науқанының жалғасып жатқанын алға тартты.
Вакцинациялау жоспарын қайта қарастырдық. Бүгінгі таңда ол 11,4 млн-ды құрайды. Ал қазіргі сәтте 15,1 млн адам вакцина салдырды. Атап айтқанда, І компонентті 8 млн-нан астам адам алған. Бұл тиісті халықтың 70,7%-ын немесе халық санының 42,7%-ын құрады. Екінші компонентпен 7,1 млн-нан астам адам, яғни тиісті халықтың 63%-ы немесе халық санының 38%-ы қамтылды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде аурушаңдық деңгейі қаншалықты төмендегені туралы жазған болатынбыз. Ал алты өңір: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта әлі алты өңір тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.