Министр елімізде ашылатын шетелдік университеттердің филиалдарын атады
Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты.
Әлемдік білім беру стандарттары мен озық практиканы білім беру процесіне енгізу үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр.2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавл қаласында University of Arizona филиалы ашылады. ЖОО-мен ынтымақтастық шеңберінде қос дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады, - деді Саясат Нұрбек.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатқанын айтты.
С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы РМУ филиалы ашылады.Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады.Сондай-ақ 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарлануда.Филиалдардың жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулылары қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген, - деді министр.