Министр электр энергиясының тапшылығына не себеп болғанын айтты

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз  мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар ол қазіргі уақыттағы жүйелік мәселеге тоқталды. 

Негізгі қордың жедел ескіруі және оларды жаңғыртудың төмен қарқыны – қазіргі энергетикалық дағдарысқа алып келген жүйелік проблема. 2021 жылы пайда болған электр энергиясының тапшылығы моральдық ескірген отандық энергия көздері жабдықтарының авариялық істен шығуының жиілеп кеткен жағдайларының салдары болып отыр. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда авариялық тоқтап қалулар саны 22%-ға, ал олардың ұзақтығы 16%-ға артты. Бүгінгі таңда өндіруші қуаттардың тозуы шамамен 60%, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, бұл жағдай тұтынудың рекордтық өсуі аясында елдің энергетикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Сонымен қатар бұрын орын алған тапшылық электр энергиясына шекті тарифтерді енгізе отырып, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін қолданыста болған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасымен жабылды. Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында 1,2 ГВт жаңа қуаттарды енгізу және 1,7 ГВт қуаттарды қалпына келтіру арқылы орташа мерзімді қуат резерві құрылды, - деді Болат Ақшолақов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы