15 Қараша 2023 2023, 10:29 Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Министр елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ұстанымын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "Еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды күшейтуды қолдайсыз ба? Қалай ойлайсыз? Сіздің ведомство басшысы ретінде позицияңыз қандай?" деп сұрақ қойды.

Бұған дейін ұстанымымда айтқан едім. Мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымын. Осылай ғана пікір айта аламын, – деді Қуантыров үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.