Министр елдегі инфляцияны азайту ойдағыдай іске асып жатқанын айтты
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астанада өтетін экономикалық форумның Қазақстанға қандай пайда әкелетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бұл форумның мақсаты әлемдегі күрделі мәселелерді шешуге бағытталған. Мәселеге қатысты талдау жасалып, ұсыныстар беріледі. Форумнан кейін де талқылаулар жалғасады. Форумның негзігі сессияларының саны 40-қа жуық. Сондай-ақ форум аясында екіжақты маңызды кездесулер өтеді, - деді Қуантыров.
Сонымен қатар ведомство басышысы бұл форумның Қазақстанға қандай пайдасы бар екенін айтты.
Біріншіден, инвестиция тарту. Қазақстанның инвестициялық ахуалы өте тартымды. Біз жыл сайын шетелден 25-30 млрд тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, - деді Ұлттық экономика министрі.
Ол ел экономикасында сын-қатерлер бар екенін жасырмады. Сонымен бірге министр «инфляцияны екі есе азайту туралы міндет ойдағыдай жүзеге асып жатыр ма?» деп сұрады.
Иә, әрине, - деп жауап берді Қуантыров.