Министр елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, еліміздегі соңғы айда індет жұқтырған адамдардың жалпы саны 3,1 есеге азайған.

Стационарлық және амбулаториялық ем қабылдап жатқандардың саны 1,7 есеге қысқарды. Республикада оң ПТР тестімен коронавирустық инфекцияның 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдай тіркелді. Науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты, - деп атап өтті Алексей Цой.

Сонымен қатар ведомство басшысы тамыз айымен салыстырғанда аурушаңдық төмендегенін алға тартты.

Репродуктивті сан – 0,89-ға тең және тамыз айына қарағанда 1,2 есе төмендегені байқалады, - деді еліміздің бас дәрігері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы