Министр елдегі аса өткір екі мәселені айтып, алаңдаушылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа экологиялық кодекстің жобасын таныстырған ҚР экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі екі аса өткір мәселені айтып алаңдаушылығын білдірді.

Елбасы және Қазақстан президентінің тапсырмаларына сәйкес, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген ҚР экологиялық кодексінің жобасын ұсынамыз. Кодекс өңірлерде жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен ауқымды талқылаудан өтті. Тек соңғы алты айда 20-дан астам кездесу ұйымдастырдық. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің тәсілдеріне сәйкес, сондай-ақ жұртшылықтың пікірін ескере отырып дайындалды. Жаңа экологиялық кодекстің жобасын әзірлеудің негіздерінен бастайын. Елде екі аса өткір экологиялық мәселе бар – бұл қоршаған ортаның сапасы (ауа, су, топырақ) және қатты тұрмыстық қалдықтардың қайта өңдеудің төменгі деңгейі. 2019 жылдың қорытындысымен атмосфераға ластаушы заттардың нақты шығарындылары 2,4 млн тоннаны құрады. Негізгі ластаушылар – бұл ірі өнеркәсіп нысандары, автокөлік және жеке тұрғын үйлер, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Оның айтуынша, жаңа кодекс 10 қағидадан тұрады. Олар: болғызбау, түзету, алдын-алу, тұрақты даму, интеграция, экологиялық ақпараттардың қолжетімділік және қоғамдық қатынастар мен экожүйелік ұстаным қағидасы. 
Электр энергетикасына (көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары) шығарындылардың 900 мың тоннасы, тау-кен металлургия секторына – 700 мың тонна, мұнай өндіруге – 500 мың тонна, көлік пен ауыл шаруашылығына – 300 мың тонна тиесілі. Шығарындылардың жыл сайынғы өсімі байқалады. Егер егер ешқандай шара қабылданбаса, болжам бойынша 2030 жылы ластаушы заттардың нақты эмиссиясы 3,6 млн тоннаны құрайды, яғни олар 10 жылда 1,5 есе өседі. Жаңа экологиялық кодекстің бұрынғысынан айырмашылығы – қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін алдын-алу шараларын қабылдауға бағытталған. Жаңа кодекс 10 қағидаға негізделген, - дейді министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы