Министр елде былтырдан қалған қанша көкөніс қоры барын айтты

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, форвардтық сатып алу тетігі өндірушілерден өнімді сату сәтіне дейін, сақтаумен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. 

Бұл сондай-ақ биыл 2023 жылдың астықтығын 2024 жылғы сәуір айына дейін қолдануға мүмкіндік береді. Сатып алудың форвардтық әдісі 8 өңірде: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Абай, Ұлытау, Ақтөбе облыстарында іске асырылуда. Сонымен қатар ішкі нарықты ерте импорттық көкөніс өнімдерімен қанықтыру үшін Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран бизнес қауымдастығымен және Қазақстан өңірлерімен В2В кездесулер ұйымдастырылды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, сауда желілері 9 200 тонна көлемінде көкөніс жеткізуді пысықтаған.  

Өзбекстаннан өнім жеткізу бойынша жасыл дәліз ұйымдастырылды. Республиканың барлық ірі сауда желілері бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысқа қатысатынын атап өткім келеді. Жергілікті атқарушы органдар бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін импорттық көкөністердің өңірлік сауда желілерімен уақтылы келісімшарт жасауды қамтамасыз етуі қажет. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2022 жылдың егіні есебінен нақты қорлар қалыптастырылды. Бүгінгі күні пияз бойынша 110%, картоп 105%, сәбіз 87%, қырыққабат 70%. Мен кассалық аппараттары бар сауда объектілері арқылы пиязды аумақтық қорлардан сатуға тапсырма бердім, - деді Серік Жұманғарин. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр Астанаға «айналым схемасына» 14 млрд теңге бөлінсе де, қымбатшылық тоқтамай тұрғаны туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы