Министр экономиканың қанша пайызға өскенін айтты
Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9% жетті. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,4%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 12,6%, – деді министр.
Министрдің мәлімдеуінше, инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%-ке, денсаулық сақтауда – 40%-ке, саудада – 38%-ке, білім беруде – 18%-ке, ауыл шаруашылығында – 8,7%-ке, өнеркәсіпте – 8,3%-ке өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ке өсіп, 102 млрд долларға жетті. Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 44 млрд-тан астам долларға өсті, – деді Қуантыров.