Министр экологиялық ахуалды жақсарту үшін бекітілген жобаларды айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті. 

Жалпы, экологиялық ахуалды жақсарту үшін екі жылда келесідей жұмыстар атқарылды: жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді, - деді Брекешев. 

Ол жағымсыз салдарды азайту үшін ұлттық заңнамамызға климаттың өзгеруіне бейімделу нормалары енгізілгенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Өңірлердің экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол карталары бекітілді. Министрлік пен кәсіпорындар арасында шығарындыларды 20-дан 30 пайызға дейін төмендетуді көздейтін меморандумдар мен Жол карталарына қол қойылды, - дейді ол. 

Оның сөзінше, жол карталарының 9 ай бойынша орындалуына талдау жүргізілген. 

Бұл ретте, осы жылы қарастырылған 95 іс-шараның 59-ы немесе 62 пайызы орындалды. Атап айтқанда, Атырау облысы мұнай өңдеу зауытында «Тухлая балка» тоған-булануын қалпына келтіруге кірістік. Маңғыстау облысында «Қошқар Ата» қалдық қоймасын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жол карталарын іске асыру мәселесі тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, орындалмау тәуекелі бар іс-шаралар бойынша әкімдіктер жұмысты күшейтуі қажет, - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы