Министр екі қаладағы әуе рейсінің жаңа ережесін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында бірінші кезеңде күніне төрт рейс жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Оның ішінде екі рейс "Эйр Астана", бір рейс "Флай Арыстан", бір рейс "Скат" компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстау міндетті. Ал жағдай түзелген сайын рейс санын, ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы, көліктегі бас санитралық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек - деді министр.

 Оның айтуынша, анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар ұшу барысында жолаушылар жеке қорғаныс құралдарын қолданып, қызуын өлшетіп, тиісті қашықтықты сақтауы қажет.Әуежайда және ұшақта күшейтілген дезинфекция жұмыстары жүргізіледі, - дейді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды.Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде айтқан еді. Сондай -ақ үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатынын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы