Министр дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.
«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» оныншы бағыт бойынша 5 іс-шара іске асырылатын болады. Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді, -деді министр.
Оның атап өтуінше дағдарысқа қарсы іс-шаралар қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылау және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыруға, экономика салаларын қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған.
Сонымен бірге егіс науқанын сапалы жүргізу қамтамасыз етіледі, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінеді, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі, -деді Ұлттық Экономика министі Әлібек Қуантыров.