Министр Цой реанимациялық төсек-орындар толы аймақтарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта екені белгілі.
Сондай-ақ 3 тамыздағы жағдай бойынша, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 56%, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 44%-ды құрайды. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер «қызыл» аймақта.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның 10 өңіріне іссапармен баруы қамтамасыз етілді. Оған министрліктің жетекші құрамы мен медициналық ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерге медициналық және әдістемелік көмек көрсетуді мақсат тұтты. Аймақтардағы жағдайға нақты бағалау мен талдау жүргізілді, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Оның айтуынша, инфекциялық орындардың көп толуы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалып отыр. Ал Ақмола, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы реанимациялық төсектер толық.
Сонымен қатар 2 тамыздан бастап аймақтарда эпиджағдайдың теңгерімін сақтау мен тұрақтандыру үшін бірқатар шектеу шаралары енгізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020. 3 тамызға арналған Олимпиада кестесі
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы