Министр: Chatgpt-дің қазақша нұсқасы желтоқсанда шығады

Chatgpt-дің қазақшасы биыл желтоқсан айында пайда болады. Бұл туралы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге "Chatgpt-дің қызығын орыстілді азаматтар көріп жатыр. Кез келген сұрағын қойып, тез арада жауап алады. Мұндай мүмкіншілік қазақтілділерге қашан келеді? Осы орайда қандай жұмыстар атқарып жатсыздар?" деп сұрақ қойды.

Бүгінгі таңда QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол үлкен тілдік модель жасалуда. Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 6 миллиардқа жуық токен жиналды. Біздің мақсат - 100 миллиард токенге дейін жеткізу. Желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп ойлаймыз, – дейді Мәдиев министрлікте өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы