Министр Біртановтың жағдайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
Министр Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.
Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз – пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз, – деп хабарлады Диас Ахметшәріп.
Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.
Еске салайық, өткен жексенбіде министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте армениялық көліктерді тіркеу қарқынды жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы