Министр "Бір апта өтті ғой, 42500 теңгем қайда?" дегендерге жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңгелік әлеуметтік төлемге байланысты сауалдардың біразына жауап берді.
42500 теңге әлеуметтік төлем алуға 2 млн 900 мың адам өтініштерін берді.Төлемдер 752 мың адамға тағайындалып, есеп шоттарына қордан 32 млрд теңге аударылды. Көп ағайын неге кешігіп жатыр, өтініш бергеніме 4 күн, бір апта өтті ғой деп ренжіп жатқандар бар. Сіздерден кешірім сұраймын, бірақ біз үлгермей жатырмыз, - дейді Біржан Нұрымбетов.
Ол неліктен үлгермей жатқандарының себебін түсіндірді.
Азаматтардың өткізкен өтініштерінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ИИН) дұрыс көрсетпей, қате бергендер көп.
Есеп шотын қате берген, қазіргі таңда атымен жоқ банктердегі шоттарды көрсеткендер (мысалы, Наурызбанкте), немесе басқа адамның шотын көрсеткендер бар.Неге маған досымның, анамның, баламның есеп шотын беруге болмайды деп “ұрысып” жатқандарға айтарым. Егер біз оған рұқсат берсек, алаяқтарға жол ашамыз. Алаяқтар Сіздің мәліметтеріңізді тауып алып (бар болғаны аты жөніңізбен ИИН керек) өзінің карточкасын көрсетіп сіздің атыңыздан өтініш беріп жіберсе не істейміз?, - дейді министр.
Сонымен қатар, басқа жұмыста істеп жалақы алып жүргендер, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерде бар, тұрақты зейнетақы, жәрдемақы алып жүргендер (төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс істемеген), табыстарын жоғалтпай қайта табыстары көбейген кәсіпкерлер бұл санатқа жатпайды.
Ресми мекемеде жұмыс істедім, ресми жеке кәсіппен айналыстым деп өтініш бергендер, бірақ бір де бір рет соңғы 12 айда төлемдері болмаған адамдар көп. Тіпті, қайтыс болып кеткен адамдардың, немесе шетелге көшіп кеткен адамдардың атынан өтініштер берген де кездеседі, - дейді Біржан Нұрымбетов.
Осындай жағдайларға жол бермеу, аңықтау үшін б 2,9 миллион адам берген өтініштерін, оған екі-үш рет өтініш беріп, үстінен түскен тағы 1,4 млн өтінішті қоса, жалпы 4,3 миллион өтініштің әрқайсысын тексеруге мәжбүр екенін айтып отыр.
Ол белгілі уақытты қажет етеді. Сондықтан, өтініш, кішкене шыдамдық танытсаңыздар, ұсынған мәліметтеріңіз дұрыс болса, міндетті түрде аласыздар, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тыйым салынған ұйымдар карантин кезінде жұмыс істеген
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы