Министр: Байқоңыр - Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізгі векторының бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар  және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев "Байқоңыр" ғарыш айлағының 65 жылдығымен құттықтады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар  және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазақстанның ғарыш саласындағы кәсіпорындардың барлығының атынан "Байқоңыр" ғарыш кешенінің 65-жылдығына орай жолдаған ең игі лебізімізді қабыл алыңыздар! Байқоңыр - ғарышты бейбіт мақсатта игеру, жаңа ғарыштық технологияларды дамыту, кешен қызметкерлері мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына қамқорлық көрсету ісінде Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізгі векторының бірі болып қалмақ - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда қос мемлекет басшыларының қолдауының арқасында Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдік ғарыш индустриясын дамытудың алдыңғы қатарында, ғылыми-техникалық прогрестің символы, өзара тиімді әріптестіктің айғағы.

Ғарышты игеруге атсалысып жүрген мамандар мен қызметкерлерді айтулы датамен құттықтаймын! Сіздердің қызметтеріңіз - қазіргі ғылым мен инновацияны дамыту, болашақ ұрпаққа қалдыратын озық технологияларды дамытуға үлес қосу. Сіздердің қиын да қызық жұмыстарыңызға сәттілік, үйлесімділік, жаңа жетістіктер, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Көктемде қызғалдақпен бірге құлпырған байтақ дала мен адамзаттың ғарыш туралы арманы жүзеге асқан құтты мекен – Байқоңырдың әрі қарай дамуы мен өркендеуіне тілектеспін! - делінген министрдің құттықтауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы