Министр Батыс Қазақстан облысына барып тұрғын үй құрылысын қадағалады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Министр Бөрлі ауданы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады.
Бөрлі ауданындағы Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 127 үй жарамсыз деп танылған.
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынуда. Жұмыстар демеушілердің қаражаттары есебінен жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарын «Наурыз» ЖШС, «УральскСтройИнвест» ЖШС және «ДокаСтройКом» ЖШС мердігерлері жүргіп жатыр. Ағымдағы мәліметтер бойынша жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – 1 тамызға дейін.
Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алты жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы