Министр балықшыларды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілде - Балықшылар күні. Осы орайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев балық шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
1965 жылдан бері КСРО-да шілденің екінші жексенбісінде Балықшылар күні аталып өтілген. Ал одақ тараған соң, Ресей мен Украина 12 шілдені Балықшылар күні деп ресми түрде белгіледі. Бейресми түрде ТМД-ның өзге елдері де атап өтіп жүр. Оның арасында Қазақстан да бар.
Барлық балық шаруашылығы саласының қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, адал еңбектері мен жоғары кәсіби шеберліктері үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Мықты денсаулық пен күш-қуат тілеймін, - деп жазды министр Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасына.
Ол бұл орайда мемлекет балық шаруашылығы саласының дамуына көптеп көңіл бөлуде деп отыр.
Заңнамалық база тұрақты түрде жетілдіріліп, мемлекеттік қолдау шаралары қамтамасыз етіліп жатыр. Сондай-ақ тауарлық балық өсіруді дамытуға ерекше назар аударып жатырмыз. Бүгін балық шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. 12 мыңнан астам адам осы салада еліміздегі мыңға жуық кәсіпорында еңбек етеді. Азық-түлік пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елдің экспорттық әлеуетін арттыруда балық шаруашылығы жұмысшыларының еңбегі зор, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Медициналық сақтандыру қорының басшысы тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы