Министр: Бала тәрбиесі қашан да қоғам үшін маңызды мәселе

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәpбиeлeу cтpaтeгияcын» талқылау бойынша отырыс өтті. 

Шара жастық топтардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа әдістемелерін жүзеге асыру аясында өтіп отыр.

Отырысқа ел аймақтарының білім және тәрбие беру саласында қызмет етіп жүрген ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, телеарналардың жетекшілері қатысты.

Аталған жоба өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмысты жүргізу принциптерін жүйелеу үшін «Pухaни жaңғыpу» бaғдapлaмacының аясында жүзеге асырылатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын жан-жақты түсінуін ескеретін шаралардың маңызды бөлігі ретінде мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларды рухани тұрғыда тәрбиелеу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу болмақ.


Министр Аида Балаева бұл көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі екенін айтты.

Жалпы бұл тақырып – көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, біздің министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестіруші орган. Сонымен қатар қоғамның жалпы жан-жақты дамуына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Қоғамды дамыту дегеніміз не? Ол ең бірінші әрине – өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінен бастау алады. Бала тәрбиесі – қашанда қоғам үшін маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күнгі балалардың тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Соның ішінде әсіресе, виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор болып тұр. Сондықтан уақыт – ұрпақ тәрбиесіне жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Қазір, өкінішке қарай, балалар арасында қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктер кездеседі, - деді ол.

Сонымен қатар министр бұл сұрақ кешенді зерттеуді қажет ететіндігін атап өтті.

Қоғам үшін бала тәрбиесінде ата-анамен бірге балабақша, мектептердің де жауапкершілігі өте үлкен. Сондықтан бұл жобаны біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз деген үміттеміз, - деді Аида Балаева.

Шараға қатысушыларды Стратегиямен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова таныстырды. Ол өз сөзінде құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың терең ұғынуы мен мектеп бағдарламасы пәндерімен ұштастырудағы ұсынымдарға ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.

Аталған құжат отансүйшіштік, өлкетанушылық пен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша әзірленген. Стратегия мeктeпкe дeйiнгі балаларды, бастауыш, ортаңғы және жоғары сыныптардың оқушыларын қамтиды.


Онлай-шара барысында өздерінің пікірлерімен Өскемен қаласы №27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бек Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы № 66 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Бейсекова бөлісті. Сонымен қатар талқылауға «Balapan», «El Arna» телеарналарының басшылары Мақпал Жұмабай, Арман Сеитмамыт, «Ұлт тағдыры» ҚБ жетекшісі Дос Көшім, «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Atamnyn amanaty» ҚБ жетекшісі Әлия Сағымбаева және басқалар қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар тарапынан мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тәрбиелеу тұрғысына қатысты бірқатар ұсынымдар айтылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы