Министр қазақстандықтар жаппай елге қайтып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шет елдерде "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасымен білім алуға кеткен 30 адам наурыз айында, 12 адам сәуірде елге қайту туралы өтініш білдірген.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанның шет елде жүрген азаматтары жаппай елге қайтып келіп жатыр деген шындыққа жанаспайды. 
"Болашақ" бағдарламасымен 857 азаматымыз оқып жатқанын бұған дейін айтқан болатынбыз. 30 адам осы наурыз айында қайтып келеміз деп өтінішін білдірді... 12 адам сәуір айында қайтып келеміз деп отыр. Сосын 89 адам маусым айында оқуы біткен соң қайтып келеді. Жалпы "Болашақ" не басқа бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандықтар қайтып келіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Барлығы білім алу бағдарламасына сай оқып жатыр, – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істеуге көшті деген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы