Министр Аватардың қазақшасына баруға шақырды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақша дыбысталған фильмдерге қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады BAQ.KZ.
Ведомства басшысы жазбасында фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін ұсынды.
«Аватар: Су жолы» фильмін ел азаматтары қазақ тілінде тамашалай алуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етіп, Disney студиясымен бірігіп үлкен жобаны қолға алды. Жаңа блокбастерді қазақ тіліне дубляждап, барлық кинотеатрға берді. Әлбетте, кинотеатрлар - бизнес субъектісі. Десек те, қазақтілді контентке қолдау көрсетіп, фильмді сұранысқа ие уақытқа қойған кинотеатрлардың тізімін, кинокестесін сіздерге ұсынамыз. «Аватардың» қазақ тіліндегі нұсқасына баруға шақырамын!, – деді Дәурен Абаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарулы Күштердің әскери қызметшісін өрттен адамдарды құтқарғаны үшін медальмен марапаттады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы