Министр ауызсу тапшылығы бар өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы халыққа арналған Жолдауында халыққа арналған сапалы суға қолжетімділікті 100%-ға жеткізуді тапсырды. Аталған тапсырманы орындау «Қуатты өңірлер», «Ел дамуының драйвері» ұлтты жобасы шеңберінде жоспарланған. 25 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету 96%-ды, оның ішінде қалаларда – 98,1%-ды, ауылдарда – 93%-ды құрады. Жекелеген өңірлерде артта қалушылық байқалады. Ауылдық елдімекендерді ауызсумен қамтылудың ең төменгі деңгейі – Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көрініс тапқан, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ол ауызсумен қамту қалалық жерде қандай деңгейде екендігіне тоқталды. 

Қалалық жерде сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша Жамбыл облысы артта қалып отыр. Сумен жабдықтау қызметтерімен Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарының қала тұрғындары 100% қамтылған. Ауылдық елдімекендерде аталған қызметпен қамтамасыз ету бойынша көшбасшылар қатарында: Алматы, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бар, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы