Министр қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіл әлемдегі секілді біздің елімізде де коронавирус індетінен болған өлім-жітім көрсеткіші күннен-күнге өсіп келеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Осы орайда, көкірегі ояу, саналы деген көпшілік адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады. Сондықтан да, өзіміздің және жақын туыстарымыздың денсаулығы үшін әрқайсыларыңызды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі таңда баршамыздың өміріміз осыған байланысты болып отыр, - деп жазды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы