Бүгiн 2026, 14:31 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астана әуежайына инвестор табылмады

Инвестор іздеу жалғасуда, әуежай әзірге әкімдік қарамағында.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Сенатта өткен брифингте Астана әуежайын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестор іздеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр елорда әуежайына әзірге инвестор табылмағанын жасырмады.

Қазір түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр, бұл бағытта әкімдік белсенді жұмыс жүргізуде. Мүмкін инвесторды күтпей-ақ, әкімдік Үкіметке екінші ұшу-қону жолағын салуға қаржы бөлу жөнінде өтініш жолдады. Біз бұл жұмысты кідірмей бастаймыз, – деді Нұрлан Сауранбаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр, ал әуежай әзірге әкімдіктің қарамағында.

Еске салсақ, бұған дейін Кендірлідегі әуежай 2027 жылы іске қосылатынын хабарладық. Биыл сынақ ұшулары өткізіледі.