Министр Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Грузияда қаза болған Әсел Айтпаеваның ісіне тоқталды.

Аталған қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу амалы жүргізілді. Адам саудасына қатысты іс қозғалды. Негізгі күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша Грузиядағы әріптестер тергеу амалдарын жүргізуде. Біз грузиялық полициямен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Бұл орайда тергеу жұмыстары аяқталғанша, оның барысы туралы ақпаратты жариялауға болмайтынын атап өткім келеді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Әсел Айтпаева 5 мамыр күні Тбилиси қаласында көз жұмды. Оның денесі көпқабатты тұрғын үйдің терезінің түбінен табылды. Анықталғандай, ол қайтыс болар алдында зорланған. Жергілікті полиция күдікті ретінде 57 жастағы Зугдиди қаласының тұрғынын қамауға алды. Көз жұмар алдында Әсел құрбысына күдіктімен арада болған әңгіменің аудижабазбасын жіберіп үлгерген. Осы іске қатысты Грузияның Бас прокуратурасы Әселдің алыс туысы Мұрат Мейірбековке сырттай айып таққан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы