Министр «Almaty» арнасының ұжымымен кездесті

Дархан Қыдырәлі «Almaty» арнасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Алматыдағы жұмыс сапары аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Аlmaty» телеарнасының ұжымымен кездесті.

Министр 2022 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие болып, еліміздің барлық аймағына таралатын арнаның жұмысымен танысып, әріптестермен ой-пікір алмасты. 

Д.Қыдырәлі ақпарат саласындағы негізгі мәселелер мен жаңалықтарға тоқталып, масс-медиа туралы заң жобасының журналистерге беретін артықшылықтарын атап өтті. Кездесу соңында министр телеарна қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы